Көңілді үзіліс! «Жаратылыстану сыры – ғылымда» атты жаратылыстану пәндері апталығы аясында үзіліс кезінде оқушыларға «Химия қызықтары» атты көңілді ойын ұйымдастырылды.
Оқушылар ойын барысында химиялық элементтердің атауларына және ерітінділердің түстерін ажыратуға арналған ойындар ойнап, қызықты сәттерге толы уақыт өткізді. Ұйымдастырған химия пәні мұғалімдері Мұхамединқызы Ләззат пен Берікбай Мадинаға үлкен алғыс!