Көңілді үзіліс! «Жаратылыстану сыры – ғылымда» атты жаратылыстану пәндері апталығы аясында үзіліс кезінде оқушыларға «Химия қызықтары» атты көңілді ойын ұйымдастырылды.

Оқушылар ойын барысында химиялық элементтердің атауларына және ерітінділердің түстерін ажыратуға арналған ойындар ойнап, қызықты сәттерге толы уақыт өткізді. Ұйымдастырған химия пәні мұғалімдері Мұхамединқызы Ләззат пен Берікбай Мадинаға үлкен алғыс!

18 қараша күні мектебімізде жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті.

Оқушылар өз білімдерін сынап, түрлі пәндер бойынша өзара бәсекеге түсті. Барлық қатысушыларға белсенділік танытқаны үшін алғыс білдіреміз! Ал алдағы кезеңге өтетін үздік оқушыларға сәттілік тілейміз!

«Жаратылыстану сыры – ғылымда» апталығы басталды!

Бүгін мектебімізде «Жаратылыстану сыры – ғылымда» атты жаратылыстану пәндері апталығы ресми түрде басталды. Апталық 17–21 қараша аралығында өтеді. Апта бойы оқушылар үшін қызықты тәжірибелер, танымдық ойындар, пәндік сайыстар мен ғылыми…

“ДосболLIKE – достыққа қадам жаса!” Мектебімізде республикалық акция өтті

Оқушыларды өзара сыйластыққа, түсіністікке, мейірімге шақыратын “ДосболЛайк” республикалық акциясы мектепте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шара барысында түрлі қызықты тапсырмалар, постер қорғау, танымдық ойындар өткізілді. Оқушылар белсенділік танытып, бір-біріне қолдау көрсетудің үлгісін…

Үздік тарих және құқық пәні мұғалімі” облыстық олимпиадасының аудандық кезеңінде мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Нұрғалиқызы Гаухар өз кәсіби шеберлігін көрсетіп, III орын иеленді! 🎉 Гаухар Нұрғалиқызын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! 🏆 Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, биік белестер мен толағай жетістіктер тілейміз!

Балалардың түнгі уақытта қауіпсіздігін сақтау мақсатында Маңғыстау облыстық полиция департаментімен бірлесіп “Түнгі қаладағы балалар” атты акция өткіздік.

Мұндай шаралар жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға және олардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. #1tutas_tarbie_mangystau #birtutas_tarbie2024 #oqu_agartu_ministrligi #rumcdo_official #mangystau_obl_bilim_baskarmasy #mangystau_obl_adistemelik #tupkaragan_bilim #tup_oqu_adistemelik_ortaligy