«Келешектің кілті — сүйікті мамандық» атты кәсіби бағдар беру апталығының жоспарына сәйкес 1–2 сынып оқушылары арасында «Мамандық әлеміндегі кейіпкер» атты видеороликтер байқауы ұйымдастырылды.

Байқау барысында оқушылар түрлі мамандық иелерінің рөлін сомдап, олардың қызметіне қатысты өз түсініктерін шығармашылық түрде көрсетіп шықты. “Фармацевт” рөлінде 1 “Ә” сынып оқушысы Мұхамбеткерей Айнамкөз Нұрланқызы. Оқушының шығармашылық жұмысына бағыт-бағдар…

«Келешектің кілті — сүйікті мамандық» кәсіби бағдар беру апталығы аясында «Шеберліктен – кәсіби биікке» атты әсерлі кездесу кеші өтті.

Шараға Түпқараған кәсіптік-техникалық колледжінің білікті мамандары – көлік жөндеу бойынша өндіріс маманы Табихов Төребек және дәнекерлеу ісінің маманы Ізтұрғанов Ренат арнайы қонақ болып келді. Кездесу барысында олар өз саласының қыр-сырымен…

🎓 “Қайда оқуға барасың?” кездесу-пікірталасы

10–11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында ҚР ҚК жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктері талқыланды. Кездесуге ҚР ҰҚК Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің жағалау күзеті екінші дивизионының командирі, 2-дәрежелі…

«Келешектің кілті — сүйікті мамандық» атты кәсіби бағдар беру апталығы аясында мектебімізде 7–9 сынып оқушылары арасында «Мамандық және болашақ» тақырыбында мектепішілік пікірсайыс өтті.

Оқушылар түрлі мамандықтардың қыр-сыры, болашақтағы өз орындарын табу, ХХІ ғасыр дағдылары мен еңбек нарығындағы өзекті өзгерістер жайлы ой бөлісіп, өз пікірлерін еркін жеткізе алды. Пікірсайыс жасөспірімдерге болашақ мамандықты саналы таңдаудың…

«Келешектің кілті — сүйікті мамандық» атты кәсіби бағдар беру апталығы аясында мектебіміздің кітапханашысы Ақниязова Назгүл және кәсіби бағдар беруші Ерназар Ақмаржан 3–4 сынып оқушыларына арналған «Кәсіп туралы не оқуға болады?» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты — бастауыш сынып оқушыларына түрлі мамандықтар туралы қызықты әрі пайдалы ақпарат беру, олардың болашаққа деген қызығушылығын арттыру және кітап оқуға ынталандыру. Іс-шара барысында балалар әртүрлі кәсіп иелерінің қызметімен…

«Келешектің кілті — сүйікті мамандық» атты кәсіби бағдар беру апталығы аясында кәсіби бағдар беруші Ерназар Ақмаржан мектебіміздің 5–6 сынып оқушылары арасында «Профориентациялық квест — Мамандық лабиринті» атты қызықты квест ойынын ұйымдастырды.

Шараның мақсаты — оқушыларға түрлі мамандықтар жайлы түсінік беру, олардың қызығушылықтарын анықтау және топтық жұмыс дағдыларын дамыту. «Мамандық лабиринті» квесті оқушыларға ерекше көңіл-күй сыйлап қана қоймай, болашақ мамандықты таңдауға деген…

«Келешектің кілті — сүйікті мамандық» атты кәсіби бағдар беру апталығының жоспарына сәйкес 1–2 сынып оқушылары арасында «Мамандық әлеміндегі кейіпкер» атты видеороликтер байқауы ұйымдастырылды.

Байқау барысында оқушылар түрлі мамандық иелерінің рөлін сомдап, олардың қызметіне қатысты өз түсініктерін шығармашылық түрде көрсетіп шықты. “Дүкенші” рөлінде 1 “Ә” сынып оқушысы Серік Айназ Нұртасқызы. Оқушының шығармашылық жұмысына бағыт-бағдар…

Бүгін мектебімізде оқушыларға төтенше жағдайлар кезінде, әсіресе өрт болған жағдайда дұрыс әрекет ету ережелері түсіндірілді. Қауіпсіздік мамандары оқушыларға өрттің алдын алу жолдарын, қауіпті аймақтан дер кезінде эвакуация жасау тәсілдерін, өзін және өзгелерді қорғау шараларын жан-жақты түсіндіріп, арнайы оқыту видеороликтерін көрсетті.

Шараның мақсаты — балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдай кезінде абдырамай, дұрыс шешім қабылдай білуіне жол ашу. Оқушыларымыздың қауіпсіздігі — басты назарда! #1tutas_tarbie_mangystau #birtutas_tarbie2024 #oqu_agartu_ministrligi #rumcdo_official #mangystau_obl_bilim_baskarmasy #mangystau_obl_adistemelik #tupkaragan_bilim #tup_oqu_adistemelik_ortaligy