Сүйінші! Республикалық жетістік!
2025 жыл 31 наурыз — 4 сәуір аралығында Орал қаласында 10-11(12) сынып оқушыларына арналған қазақ тілі бойынша өткізілген олимпиаданың республикалық кезеңінде мектебіміздің 11-сынып оқушысы Сайлаубай Альбина жүлделі ІІ орынды иеленді.…
Мектебіміздің 11-сынып оқушысы Рысқалиұлы Қожахмет Үндістан елінде өткен халықаралық «India Open» ашық турнирінің чемпионы атанып, алтыннан алқа таққан болатын.
Бүгін мектеп ұжымы мен оқушылар чемпионды үлкен қошеметпен күтіп қарсы алды. Мектеп директоры Тажигулова Батырхан Султансиховна халықаралық жеңісімен құттықтап, алдағы білімі мен спорттағы жолына сәттілік тіледі. Мектеп әкімшілігі және сынып…
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРЫМЫЗДЫҢ АЛҒАШҚЫЛАРЫ ҰБТ-ден ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІКТЕР КӨРСЕТІП БАСТАДЫ!
Мектебіміздің алтын белгіге үміткер 11-сынып оқушысы Сайлаубай Альбина ҰБТ-ден 130 бал жинады. Жарайсың, Альбина! Мектеп мерейін үстем қылатын мақтаныштарымыз көп болсын! Алдағы тестілеу сынағына қатысатын оқушыларымызға сәттілік тілейміз!
Roboland 2025
Халықаралық республикалық робототехника фестивалінің облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Ізтұрған Асқар мен Ерік Бекарыс жүлделі 3-орынды иеленді. Жетекшісі: Рахымберенова Гүлназ
Сүйінші! Тағы бір жетістік!
💡9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңінде мектебіміздің 11-сынып оқушысы Сайлаубай Альбина ІІ дәрежелі димпломмен марапатталды👏🏻👏🏻👏🏻💐 Жетекшісі қазақ тілі пәні мұғалімі Қанжан Гүлшат…