Автор: admin

4 қараша күні мектебімізде жалпы білім беретін пәндер бойынша 5–6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті. Оқушылар өз білімдерін сынап, түрлі пәндер бойынша өзара бәсекеге түсті. Олимпиаданың басты мақсаты — оқушылардың қызығушылығын арттырып, дарынды балаларды анықтау.

2026 жылдың 26 сәуірінде адамзат тарихындағы ең ірі техногендік-экологиялық апаттардың бірі — Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 40 жыл толады. Осы күнге және Халықаралық радиациялық апаттар құрбандарын еске алу күніне орай мектебімізде танымдық сағат өтті. Іс-шара барысында оқушылар Чернобыль апатының себептері мен салдары туралы тың деректермен танысып, экологиялық қауіпсіздік пен табиғатты қорғаудың маңызын ұғынды. Мұндай шаралар жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, бейбіт өмір мен табиғаттың қадірін түсінуге жол ашады.

Математика пәніне конкурс жариялаймыз!

КОНКУРС Маңғыстау облысы білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025-2026 оқу жылында ҚР Оқу — ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №…